29011 әскери бөлімі «Мектепке жол» акциясы аясында қаладағы №5 жалпы білім беретін мектепке барды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған мектепте аз қамтылған отбасыдан шыққан 150-ден астам оқушы білім алады.
«Мектепке жол» акциясы біздің әскери бөлім үшін жақсы дәстүрге айналды. Командалық құрам мен әскери қызметшілер акцияны қуана қолдады. Сонымен қатар мектеп басшылары және кәсіптік бағдар бойынша түлектермен кездесу өткізіп, әскери қызмет туралы айтамыз», - дейді әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызметтің басшысы Әсел Хайрушева.
Айта кетейік, «Мектепке жол» акциясының мақсаты - жетім балаларды, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды, қамқорлықтағы балаларды мектепке дайындауға көмек көрсету. Осы ретте әскери бөлім тарапынан мұқтаж отбасыларға тұрақты көмек көрсетеді.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА