Маңғыстау облысында қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жедел-профилактикалық шара 26 қазаннан 1 қарашаға дейін жалғасады.
Маңғыстау облысы бойынша полиция департаменті бастығының айтуынша, шара қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін сақтауға, жедел қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған.
«Құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында жаяу патрульдің маршруттары жасақталды. Оған ішкі әскерлердің, патрульдік полицияның қызметкерлері, учаскелік полиция қызметкерлері, кәмелетке толмағандар қызметінің инспекторлары қатысады. Олар күн сайын қаладағы қоғамдық тәртіпті сақтауға араласады. Іс-шараға ішкі істер органдарымен бірге еріктілер қатысады», - деді Жанарбек Бақтыбаев.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА