Облыстық ТЖД басшысының орынбасары Мұрат Мұхановтың жетекшілігімен департамент қызметкерлері өз еркімен донор болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Қазақстанның азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығына арналған «25 мың құтқарылған өмір» атты республикалық науқанына қатысып жатыр. Осы ретте олар Жаңаөзен қаласының қан орталығы мен облыстық қан орталығында қан тапсырған.
Акцияның алғашқы күні 100-ден астам адам донор болды.
Айта кетейік, алдағы уақытта облыстық төтенше жағдайлар департаментінің барлық құрамы қайырымдылық шарасына қатысуды жоспарлап отыр.