Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Г.Көркінбаеваның қаулысына сәйкес, Маңғыстау облысында карантиндік шаралар 31 тамыз сағат 00:00 бастап кезең-кезеңмен жеңілдетіледі.
Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық және бетперде режимін сақтай отырып, төменде көрсетілген қызметтерге рұқсат беріледі:
- адамдарды қоғамдық көлікпен тасымалдау қызметі бойынша сағат 06.00-ден 20.00-ге дейін 5 минуттан аспайтын рейсаралық интервалмен рұқсат беріледі, қарбалас уақытта маршруттардағы көлік санының арттыру қажет;
- облыс аудандары мен қалалары арасында, сондай-ақ облыс шегінен тыс жерлерде жолаушыларды қоғамдық автокөліктің, облыс ішіндегі жолаушылар поездары (поездың нөмірі 657-658) Маңғыстау-Бейнеу-Маңғыстау қозғалысына рұқсат беріледі;
- Діни нысандарға жеке, ұжымдық іс-шараларды өткізбей бару (мешіт, қасиетті орындар және шіркеу);
- жазғы алаңы бар ашық ауада, сондай-ақ ғимарат ішінде жұмыс істейтін, 23:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген, 30-дан аспайтын отыратын орыны бар қоғамдық тамақтану объектілері ұжымдық іс-шараларсыз (би алаңдары мен салтанатты залдарсыз, үстелдерді біріктіруге тыйым салынған);
- өнеркәсіптік, өндірістік кәсіпорындар, құрылыс компаниялары (құрылыс салушылар), ашық ауадағы құрылыс жұмыстары;
- халыққа байланыссыз қызмет көрсету жөніндегі объектілердің қызметі (техникалық қызмет көрсету станциялары, автожуу, автомобильдерді жөндеу, шиномонтаж, автосалондар, тұрмыстық техника, химиялық тазалау және басқалар);
- жұмыс және демалыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, бизнес-орталықтардың (кредиттік серіктестіктердің, микроқаржы ұйымдарының, сақтандыру компанияларының, нотариустың, бухгалтердің және консалтингтің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының және т. б.), екінші деңгейдегі банктердің, айырбастау пункттерінің, ломбардтардың жұмысын ұйымдастыру;
- меншік нысанына қарамастан, аймақтарға бөлу талаптарын сақтай отырып, медициналық орталықтардың қызметі (жазу бойынша);
- дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің қызметі (шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер);
- сауда-логистикалық орталықтар, қоймалар, олардың жұмысын қамтамасыз ететін тұлғалар мен ұйымдар;
- құрылыс дүкендері, көлік құралдары мен саяжай мүкәммалының қосалқы бөлшектерін сататын дүкендер, оптика (дүкендер), фотосалондар, гүл дүкендері, зоомагазиндер;
- толымдылығы 30% - дан аспайтын 1 келушіге 4 м2 есебімен үй-жай алаңы, кіре берісте термометрия, жұмыс кестесі сағат 09:00-ден 19:00-ге дейінгі азық-түлік және азық-түлік емес базарлар;
- халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы объектілер (қонақ үйлер, отельдер);
- киім-кешек базарлары, құрылыс базарлары, азық-түлік емес тауарлар базарлары (ашық) жұмыс кестесімен сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін;
- мектепке дейінгі балалар ұйымдарындағы кезекші топтар (топта 15 адамнан артық емес);
- 15 баладан аспайтын сыныптарды жинақтауды сақтаған кезде ата-аналардың өтініші бойынша кезекші сыныптардың 1-сынып мектептерінің жұмыс істеуіне рұқсат беру;
- ойын-сауық орталықтарын, балалар ойын алаңдарын, фудкорттарды, кинотеатрларды қоспағанда, сауда үйлері (орталықтары), сауда желілері, сауда-ойын-сауық орталықтары (бутиктер), жұмыс кестесі сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін;
- балалар түзету кабинеттер\ орталықтар балалар және ересектер білім беру орталықтары (алдын ала жазылу бойынша және 5 адамнан аспайтын топтар), қызметкерлер мен оқушылардың денсаулық жағдайына бақылау жүргізу (термометрия), ЖРВИ белгілері бар адамдарды шеттету;
- келушілерді тек медициналық бетперде киюге рұқсат беруді қамтамасыз ете отырып косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін сұлулық салондары, шаштараздар (алдын ала жазылу бойынша, 1 келушіге 4 ш. м. есебінен, ауысым бойынша жұмыс);
- моншалар, сауналар, СПА орталықтары толымдылығы 50% - дан аспайтын, сондай-ақ 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес жағдайда, жұмыс уақыты сағат 09:00 ден 23:00 ге дейін;
- спорт объектілері (жеке және топтық жаттығулар үшін 5 адамнан артық емес), фитнес орталықтары, жаттығу залдары (орталықтары), 1 келушіге 5 м2 кем емес алаң ұйымдастырылған жағдайда, жалпы сыйымдылықтың 50% артық емес (объектінің жобалық қуаты бойынша келушілердің жалпы саны), жұмыстар келушілерді алдын ала жазу бойынша;
- жеке форматтағы бассейндер, 1 келушіге 5 ш. м. су айнасы есебінен, алдын ала жазылу;
- мәдениет объектілері, оның ішінде мұражайлар, театрлар, мәдениет үйлері және т. б. (1 келушіге 5 шаршы метрге дейін, толымдылығы 50%-дан аспайды, оның ішінде кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 30 адамға дейін ұжымдық дайындықтар, үзілістерде үй-жайларды желдету, маскаларды пайдалану);
- аумақты белгілей отырып, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауада аттракциондар;
- топтарда оқу-жаттығу процесін өткізу үшін ұлттық құрама, клуб командаларының спортшыларына арналған спорт объектілері 30 адамнан аспайтын;
- ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметіне рұқсат беру);
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қорықтар, резерваттар және басқалар (жеке және ұйымдасқан топтар үшін 15 адамнан аспайтын, кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бетпердемен жүру ұсыналады);
- 100 орыннан астам объектіде медицина қызметкерінің штатын (немесе келісім-шарт бойынша), изоляторы бар медициналық пункттерді қарастыру.
Төменде көрсетілген нысандар демалыс және мереке күндері қызметін тоқтатсын:
- сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері (орталықтары), сауда желілері, алаңы 500 м2 астам, оларда орналасқан азық-түлік дүкендері мен дәріханаларды қоспағанда;
- азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлар;
- фитнес орталықтары, жаттығу залдары (орталықтары), спорт объектілері;
- сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық салондар;
- моншалар, сауналар, СПА орталықтары;
- балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтары, түзету кабинеттер\орталықтар;
- ашық ауада аттракциондар;
- діни нысандар;
Эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру мақсатында төменде көрсетілген нысандардың қызметі тоқтатылады:
- 30 орыннан жоғары қоғамдық тамақтану объектілері (мейрамханалар, кофеханалар, дәмханалар, банкет залдары, асханалар, донер, барлар), сондай-ақ ашық ауадағы жазғы алаңдарды;
- Демалыс базаларының аймағындағы орналасқан жағажайларды қоспағанда, қалалық және қоғамдық жағажайлар, ашық аквапарктер, ыстық көздер;
- барлық меншік нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдар, 15 адамнан жоғары емес кезекші топтарды қоспағанда;
- түнгі клуб, кальян барлары;
- ойын-сауық нысандары (көрмелер, букмекерлік, бильярд, караоке, PS-клубтар, квестдар, антикафе, боулинг-орталықтар, лото-клубтар, компьютерлік клубтар, компьютерлік приставкалар, батуттар және т.б.).
Карантин режимі мен мерзімдері «COVID-19» коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.