Қарақия ауданы әкімінің 03.08.2020 жылғы №91 өкімімен, Қарақия аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы лауазымына Абилов Баймұрат Көбейұлы тағайындалды.
Абилов Баймұрат Көбейұлы - 1970 жылы 27 шілдеде Маңғышлақ облысы, Ералиев ауданы, Ералиев поселкесінде дүниеге келген.
1977-1987 ж.ж. Ералы поселкесі, №1 орта мектебін бітірген. 1987-1992 ж.ж. Атырау қаласы, Атырау педагогика институтын «Дене тәрбиесі» мамандығы бойынша аяқтаған.
2004-2006 ж.ж. Ақтау қаласы, «Болашақ» институты, қаржыгер.
Еңбек жолы:
1991-1992 жж – Ботагөз толық емес орта мектебінде дене шынықтыру мұғалімі;
1992-1994 жж – Ералы аудандық балалар спорт мектебінде жаттықтырушы;
1994-1995 жж – Мұнайгазбарлау экспедициясында инженер технолог;
1995-1997жж –Қарақия ауданы бойынша салық инспекциясының салық инспекторы;
1997-1998 жж – Қарақия ауданы бойынша салық бөлімінің салық инспекторы;
1998-1999 жж – Қарақия ауданы бойынша салық комитетінің бюджеттен тыс түсірілімдердің және салық төлеушілермен жұмыс жүргізу бөлімінің Бас салық инспекторы;
1999-2000 жж – Қарақия ауданы бойынша түсірілім-дерді есепке алу бөлімінің Бас салық инспекторы;
2000-2002 жж – Қарақия ауданы бойынша салық комитетінің салық төлеушілермен жұмыс және түсірілімдерді есепке алу жөніндегі Бас салық инспекторы;
2002-2008 жж – Қарақия ауданы бойынша салық комитетінің салық төлеушілермен жұмыс жүргізу және төлемдерді есепке алу жөніндегі Бас салық инспекторы;
2008-2011 жж – Салық төлеушілермен жұмыс жүргізу жөніндегі Қарақия ауданы бойынша салық бөлімінің бастығы;
2011-2012 жж – Қарақия аудандық салық басқармасы басшысының орынбасары;
2012-2013 жж – Қарақия аудандық салық басқармасы-ның басшысы;
2013-2014 жж –Маңғыстау облысының Салық департаментінің Қарақия ауданы бойынша басқармасының басшысы;
2014-2016 жж – Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің Қарақия ауданы бойынша басқармасының бастығы;
2016-2017 жж – Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің Маңғыстау ауданы бойынша басқармасының бастығы;
2017-2020 ж.ж. Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.