Республикалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұлов Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы МО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Төлеген Зейнешұлы «Маңғыстау - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қала және аудандардағы филиалдарының жұмыстарымен танысып, бірқатар нысандарға мониторинг жүргізді.
Іс-сапар барысында Төлеген Байғұлов және «Маңғыстау - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Дайрабай Үсіпбаев пен жобалық кеңсе мүшелері Жаңаөзен қаласына барып, модернизация арқылы бөлінген қаржы есебінен күрделі жөндеуден өткен көппәтерлі үйлерге, "Сапалы-жол" жобасы аясында ауылішілік жолдарға бақылау жасады.
Аталған жұмыстар Ақтау қаласында да жалғасын тапты. Мұнда Т. Зейнешұлы «Ақтау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысымен танысып, қаладағы ашық әкімдіктің ғимаратына барды. Қала әкімі аппаратының жанынан ашылған «Ашық әкімдіктің» кейбір нормаларға сай емес екенін айтып, ескерту жасалды. Сондай-ақ, Ақтау қаласында модернизация арқылы бөлінген қаржы есебінен күрделі жөндеуден өткен көппәтерлі үйлерге мониторинг жүргізілді.
Сонымен қатар, «Маңғыстау адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті және облыстық Денсаулық сақтау басқармасы денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қолайлы жағдай жасау жөнінде өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Айта кетейік, іс-сапар қорытындысы нәтижесінде республикалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұлов, МО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары С.Қаныбеков, «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Дайрабай Үсіпбаев және қала әкімі орынбасары С.Гусман кездесіп, сыбайлас жемқорлықты алдын алуға байланысты атқарылып жатқан мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, С. Гусман мониторинг кезінде анықталған барлық кемшіліктер бойынша жұмыстар атқарылып, үкіметке ұсыныстар жолданатынын жеткізді.