Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай 3 шағынаудан тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қала әкімінің тұрғындармен кездесіп, олардың шағынауданға қатысты өзекті мәселелерін тыңдау әлі де жалғасуда. Бүгінге дейін қала басшысы 12 шағынауданда болып, жағдаймен танысты.
3 шағынаудан тұрғындары шағынаудан ішін абаттандыру, балалар ойын және спорт алаңдары, жарықтандыру, авариялық жағдайда тұрған тұрғын үйлер мен көгалдарды суару мәселелерін көтерді. Сонымен қатар, 1 шағынаудандағы № 3 мектепке баратын № 3 автокөлік жолына тұрғындардың сұрауымен жасанды жол кедергісі орнатылатын болды. Ал, жоғарда аталған мәселелер бойынша тиісті бөлімдерге тапсырма берілді. Орындалысы бақылауда болады.