Кеше Ақтау қаласының әкімі Н. Қилыбай 29 шағынаудан тұрғындарымен жүздесті. Қала басшысы Н.Қилыбаймен кездесуде тұрғындар шағынаудандағы балалар ойын және спорт алаңдарының тапшы екенін, сонымен қатар, ішкі жолдарды қалпына келтіру мен қоқыс контейнерлері, жасыл желектерді суару бойынша мәселелерін жеткізді. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қаладағы көгалдарды суару осыған дейін кездескен бірнеше шағынаудандықтардың өзекті мәселесі болатын. Осы тұста қала басшысы талдарды уақытылы суару мен күтіп ұстау бойынша келер жылға өзге әдіспен іс-жоспар жасақталатынын айтты. Одан бөлек, 29 шағынауданның тұрғын үйлері жанына жаңа бірнеше қоқыс контейнерлері орнатылатын болды.
“Ал, жол, балалар ойын және спорт алаңдары мәселелері үшін шағынауданды кешенді абаттандыруға жобалық сметалық құжаттама жасақталып, құрылыс жұмыстары үшін бюджеттен қаржы сұратылады”, деді қала әкімінің орынбасары С.Гусман.
Кездесуде көтерілерген өзге де мәселелер бойынша қала әкімі тиісті бөлімге тапсырма берді. Орындалысы бақылауда болмақ.