Маңғыстау облыстық бас санитарлық дәрігердің № 37 қаулысының 4.7 ші тармағына сәйкес, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі уақытша әр аптаның жұма күні өтетін болады. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына!
Кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 21 тамыз күні "Қасиет" медициналық орталығына қарама-қарсы жол бойындағы жаңа автотұрақта өтетінін хабарлаймыз.
Уақыты: 09:00-16-00