Ақтаудағы кіреберіс маңдайшасының апатына байланысты Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Серік Гусманның төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жиналыс өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
С. Гусман жиын барысында қаладағы барлық тұрғын үйдің кіреберісіндегі аптаттық жағдайда тұрған маңдайшаларды анықтап, бетон қайырмаларына қажетті бөлшектеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, 8 шағынаудандағы 22 үйге қызмет көрсетуші болып сайланған басқарушы мекемелерге тиісті тексеріс шараларын жүргізіп, нәтижелері бойынша қорытынды жасауды тапсырды.
Айта кетейік, жақында 8 шағынаудандағы 22 үйдің кіреберісіндегі маңдайша құлап, бір тұрғын жарақат алған еді. Жараланған әйелдің аяғы сынған.