Бұл туралы қоғамдық коммуникациялар орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұргүл Жанназарова мәлімдеді.
Брифингте мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» халыққа Жолдауын және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» алғашқы институционалдық реформасын іске асыру бағытында Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды.
Ішкі конкурстың бірінші және екінші кезеңдері бойынша лауазымға тағайындалғандар саны – 45, оның ішінде – 35 немесе 80% жоғары лауазымдарға тағайындалды.
Мысалы, биыл 1 жартыжылдықта Маңғыстау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы Б. Жандаев басқарманың басшысына, қала құрылысын және жерді бақылау басқармасы бөлімінің басшысы Д. Өтепқали осы басқарманың басшысы орынбасарына, Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі М. Аманкелді осы бөлімнің басшысы, С. Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы Е. Жәнібек әкім орынбасары, Кызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы Р. Шамуханов осы мекеменің әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Осыған ұқсас, мансаптық өсу жағдайлары аудандық және ауылдық деңгейде көптеп байқалады.