Биыл Маңғыстау облысы әкімінің 175 гранты бөлінеді. Оның ішінде 170 грант бакалаврға түсетіндер үшін, ал 5 грант магистратураға тапсыратындарға тиесілі болмақ, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жергілікті бюджет есебінен бөлінетін грант конкурсына 10-15 тамыз аралығында құжат қабылданады. Конкурс нәтижесі 25 тамызда белгілі болады. Конкурсқа қатысу құжаттары онлайн форматта
Yessenov University оқу орнының «виртуалды қабылдауы» арқылы қабылданады.
Онлайн құжат тапсыру сілтемесі- http://admission.yu.edu.kz/Байланыс телефоны:8 7292 571204
Тапсыруға міндетті құжаттар тізбесі:
1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;
2) білімі туралы құжат (аттестат-көшірме);
3) ҰБТ сертификаты (2020 жылғы маусым);
4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама (болған жағдайда);
6)екі ата-анасының немесе жалғыз ата-анасының өлгендігін анықтайтын құжат немесе басқа да дәлелді құжаттар (ата-анасының құқығынан айыру туралы сот шешімінің көшірмесі, із-түссіз кеткендігін тану, өлгендігі туралы хабарламалар, т.б.)
7) студенттер үшін ағымдағы оқу жылының GPA балы;
8)психометриялық емтихан өткендігі туралы анықтама («Педагогикалық ғылымдар», «Жалпы медицина» үшін);
9) Өткен жылдарда техникалық кәсіптік білім және орта білімнен кейінгі біл алғандар үшін: еңбек кітапшасының, қызметтік тізімнің көшірмелері.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранты иегерлерінің тізімі Маңғыстау облысының білім басқармасының сайтында жарияланады.
2014 жылдан бастап «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» -Серпін-2050» бағдарламасы іске асырылуда. Аталған жоба Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облысы және Маңғыстау облыстарында іске асырылады.
Серпін грантына ҰБТ мен кешенді тестілеуден кем дегенде 50 баллдан кем емес және таңдау пәнінің ұпайы кем дегенде 7 баллдан төмен болмаған түлектердің қатысуға мүмкіндігі бар.
Ескерту:086-У медициналық анықтамасын тапсырмағандар, түскен ЖОО-ң қабылдау комиссиясына тапсырады.
Сонымен қатар 2020-2021 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына 4 264 орынға қалыптастырылды.