Медициналық құрал-жабдықтармен гуманитарлық көмек Маңғыстау облысына келді. Аймаққа COVID-19 пандемиясымен күресте ACE GROUP трансұлттық компаниясының инвесторлары көмек көрсетті. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Медициналық бұйымдардың жалпы көлемі 3,5 тоннаны құрады. Оның ішінде 500 мың медициналық бетперделер, 40 мың көпфункционалды дезинфекциялық құралдар, 144 инфрақызыл термометрлер және т.б. Жергілікті билік атап өткендей, гуманитарлық көмектің барлық көлемі біркелкі бөлініп, Ақтау, Жаңаөзен, қалаларының, сондай-ақ Бейнеу, Түпқараған, Мұнайлы және Қарақия аудандарының медициналық мекемелеріне жеткізілетін болады.
«Осы қиын уақытта бәріміз азаматтық ұстанымды көрсетіп, халықты вирустың таралуынан қорғап, пандемиямен күресуіміз керек. Біздің компания әрқашан мүмкіндігінше көмек көрсетуге дайын, әсіресе әлемдік пандемия кезінде. Біз COVID-19-бен күресте аймақ басшылығымен ынтымақтастықты одан әрі жалғастырамыз», - деп атап өтті Қазақстандағы ACE GROUP бөлімшесінің директоры Айбат Қалаубай.
ACE GROUP компаниясы Қазақстанда жалпы құны шамамен $200 млн болатын логистика саласындағы жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Инвестициялық жоба Шығыс Азиядан Каспий маңы аймағына өнім жеткізудің тиімді тізбегін дамытуды көздейді. Бұл жоба Маңғыстау облысы әкімдігінің, «Ақтау теңіз порты» АЭА және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.