Құрметті Ақтау қаласының жастары!
Бүгін 12 тамыз – Халықаралық жастар күні.
Елімізде жастар – қоғамның бір бөлігі ретінде маңызды рөл атқарып келеді.
Олардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауға да мемлекет тарапынан ерекше мән берілуде. Бүгінде елімізде «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020», «Әрбір отбасына «7-20-25» бағдарламасы аясында баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру», «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту», т.б. бағдарламалар қолға алынып, еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып жатыр.
Өңір мен қаламызды дамыту бағытында да жастарымыздың атқарып жатқан жұмыстары толағай. Жаңа бағдар ұстанған, құндылық ұстанымдары ұтымды экономикалық іс-қимылдар арқылы табысқа жетуге бағытталған жастар табы қалыптасқаны қуантады.
Құрметті қала жастары!
Қай кезде де тәуелсіз еліміздің гүлденіп, қарыштап дамуы үшін сендердің тың идеяларың, орнықты пікірлерің, алғыр шешімдерің мен шынайы тазалықтарың керек. Біз жастардың жалынды жігерімен болашақтың іргетасын бірге қалауға, қолдау көрсетуге әрқашан дайынбыз.
Барша жас буынды бүгінгі жастар күнімен құттықтаймын!
Игі тілекпен, Ақтау қаласының әкімі Н. Қилыбай