Каспий күні аясында су асты балық аулау мамандары кеше 4 ш/а мен 16 ш/а аралығындағы теңіз суын қоқыстан тазартты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сүңгуірлер екі сағат ішінде өздері белгілеген 6 шақырым аумақтағы Каспий теңізінің түбіндегі қоқыстарды шығарды.
Суға лақтырылған бөтелкелерде балық толып жатыр, кері шыға алмай өліп қалған. Мұнда теңіз толқынымен ағып келген торлар да болды. Құс, балық пен шаян тәрізділер толып қалған екен. Қоқыс өте көп. Кейбір қоқысты көтеру қиынға соқты, - дейді Маңғыстау облысы су асты аң аулау федерациясының төрағасы Евгений Хван.
Айта кетейік, су астынан қоқыстарды шығаруға қатысқан су асты балық аулау мамандарына Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысының алғыс хаты табысталды.