Тойхана, мейрамханада отбасылық шараларды жасауға рұқсат берілмейді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Маңғыстау облысында санэпидемиологиялық жағдай әлі тұрақсыз. Осы себепті тойхана-мейрамханаларда үлкен жиын, өзге де іс-шараларды өткізуге болмайды. Бұл мәселені шілде айының соңына қарай жедел штаб қарайды, делінген қоғамдық коммуникация орталығы таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, бір аптаның ішінде облыс бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 40-тан аса адам тіркелді.