Қазақстанда демалыс күндері — 20-21 маусым аралығында шектеу шаралары күшейтіледі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысы өтті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қарастырылған.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалалары бойынша:
- сауда орталықтарының, сауда үйлерінің, желілік дүкендердің, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың, базарлардың қызметі тоқтатылады -қоғамдық тамақтану объектілерінің көше форматындағы ашық ауада жұмыс істеуіне әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып рұқсат етіледі
- қоғамдық көлік жұмысы шектеледі -қоғамдық орындардың, саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, жағажайлардың, аквапарктердің жұмыс істеуі тоқтатылады
- фитнес-орталықтардың қызметі тоқтатылады
- 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі.
2. Саны 50 мың адамнан асатын елді мекендерде:
- қоғамдық орындардың: саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, аквапарктердің жұмыс істеуі тоқтатылады;
- 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі.
3. Өңірлердің бас санитарлық дәрігерлерінің қаулыларына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларына аумақтық жақын орналасқан туристік аймақтарға кіруге тыйым салу, ал аталған аймақтардағы адамдарға әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.