Ертең Үкімет эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға байланысты және тестілеу ауқымын кеңейту туралы шараларды жариялайды. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында хабарлады.
«Азаматтардың карантин режимін жаппай сақтамауы салдарынан коронавирус індетінің таралу қаупі күшейіп тұр. Дегенмен, Үкіметтің бақылауында. Ертең Үкімет эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға байланысты және тестілеу ауқымын кеңейту туралы шараларды жариялайды» делінген хабарламада.