Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ерғали Сыдыманов айтты
Маңғыстау облысында 2020 жылдың наурыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған 319 адам анықталып, оның 1 жағдайы өліммен аяқталды.
Облыста мамыр айынан бастап атап айтсақ, апталық аурудың өсу қарқыны 59,3% тен 140,7% өскендігі байқалды, яғни эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып отыр.
Бұл инфекцияның тіркелуі облыстың барлық қала мен аудандарында анықталды.
Аурудың жоғары деңгейі Бейнеу ауданында – 124, Қарақия ауданында –47, Жаңаөзен – 33, Ақтау қаласында – 80, Мұнайлы -18, Маңғыстау ауданы- 13, Түпқараған – 5.
Эпидемиологиялық талдау қортындысы бойынша инфекция жұқтырғандардың 63,6 пайызы тығыз қарым қатынаста болғандардың арасынан табылып отыр.
- Сол себепті облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігер ретінде, тұрғындарға айтарым, індеттің тұрақталғанына дейін, көпшілік жиналатын орындарға, той, садақаларға, ас беру және де басқа іс шараларға қатыспауыңызды сұраймын. Сонымен, бірге әлеуметтік желілерде айтылып жатқан, митингтерге өз денсаулықтарыңыз және жанұя, туыстарыңыздың ауырмауы үшін, шықпауыңызды сұраймын. Азаматтардың топтасқан митингтерге, басқа да іс шараларға қатысып, одан кейін әр түрлі инфекциялық аурудың таралуына жол берілген жағдайда, заң аясында жауапкершілікке тартылатындығын ескертемін, деді тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ерғали Сыдыманов.