34-шағынауданда 8500 шаршы аумақты қамтитын 900 орындық №19 мектеп-лицей салынып жатыр. Мектеп құрылысы келесі оқу жылында аяқталады деп жоспарланған.
Қала әкімі Ғалымжан Ниязов аталған білім ордасының құрылыс жұмыстарын көрді. Оқушыларға ыңғайлы жағдай жасалу керектігін айтып, мердігер мекеме өкілдеріне сапалы құрылыс материалдарын пайдалануды жіті тапсырды.
Қазіргі таңда мектептің құрылысына 150-дей жұмысшы жұмылдырылған. Оның ішінде "ЖҚЖК-2020" арқылы 50 адам қамтылған.