Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Эльвира Касанова мәлімдеді.
Облыс көлемінде жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуға, заңсыздықты болдырмау және қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында, жергілікті полиция қызметімен «Түнгі қаладағы балалар» «Жасөспірім - олардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы және ойын-сауық мекемелерінде бала еңбегін қолдану» және тағы басқа әр-түрлі жедел-сауықтыру іс-шаралар өткізілді, аталған тақырыпта ақпараттармен фото-видео материалдар жарық көрді.
Жыл басынан 600 рет, оның ішінде 500 рет орта білім беру ұйымдарында оқушылармен тәрбиелік-насихаттағы кездесу жұмыстары жүзеге асырылды.
Алайда, атқарылып жатқан іс-шараларға қарамастан, oблыс көлемінде жасөспірімдер арасындағы қылмыс саны 13, былтырғы жылмен тең. Есептік мерзімде қылмыстар бұзақылық пен ұрлық бойынша тіркелген. Түпқараған, Мұнайлы аудандарында қылмыс жасалмаса, Маңғыстау, Қарақия аудандарында 1 қылмыстан тіркелген.
Жоғарыда аталған 13 қылмысты жасы 14-17 аралығындағы 15 жасөспірім жасаған. Оның ішінде 12-сі білім беру ұйымдарының оқушысы, 3 жасөспірім колледж оқушысы, 9-ы орта мектепте оқиды.