Маңғыстау облысында 18 мамырдан бастап қала және ауылішілік қоғамдық көліктер өз жұмысын бастайды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Қоғамдық көліктер жолаушыларды отырғызу орындарының саны бойынша тасымалдау қажет және жолаушылар мен қызмет көрсетушілер жеке қорғану құралдарын міндетті түрде алып жүруі тиіс. Әр рейстен кейін көлікті дезинфекциялау құралдарымен өңдеу керек.