Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған тағы 4 адам анықталды. Төртеуі де Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылының тұрғындары.
Бірінші науқас - 1976 жылғы әйел адам;
Екінші науқас - 1975 жылғы әйел адам;
Үшінші науқас - 1984 жылғы әйел адам;
Төртінші науқас - 1987 жылғы ер адам.
Бұл науқастар осыған дейін тіркелген адамдармен байланыста болған. Сол себепті, олар карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды, делінген МО ҚКО таратқан ақпаратта.
Қазіргі уақытта науқастар аудандық ауруханаға жатқызылды. Олармен байланыста болған барлық тұлға карантинге алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.
09.05.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 113 адамнан COVID-19 вирусы анықталды:
Ақтауда – 28;
Жаңаөзенде – 20;
Маңғыстау ауданында – 7;
Мұнайлы ауданында – 4;
Қарақия ауданы – 29;
Бейнеу ауданы – 25;
Жазылып шыққаны – 11;
Қайтыс болған – 1.