Алуадин Орақұлы - 1925 жылы туған.1943 жылы 15 қаңтарда шақырылды. 1943 жылдың тамыз айында 90–шы гвардиялық дивизияның 272-ші атқыштар полкінің құрамында Орел, Курск, Белгород түбіндегі шайқастардың ортасына түсті. Курск доғасындағы шайқасқа қатысып, ауыр жараланды. "І дәрежелі Отан соғысы", "ІІІ дәрежелі Даңқ" ордендерімен, "1941-1945 Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін" және т. б. медальдарымен марапатталған.
Құрметті ардагерлер, бейбіт өмір, ашық аспан үшін сіздерге алғыс білдіреміз! Ерліктеріңіз ешқашан ұмытылмайды. Ол келешек ұрпақтың жадында мәңгі сақталады.
Жеңіс үшін рақмет!