Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған тағы 9 адам анықталды. Олардың 8-і Бейнеу ауданының және 1-еуі Маңғыстау ауданының тұрғыны. Бұл туралы МО ҚКО хабарлады.
Бірінші науқас - 1984 жылғы ер адам. Бейнеу ауданының тұрғыны. "ТенізШевройл" мекемесінің қызметкері.
Бейнеу ауданындағы қалған 7 адам күні кеше ауданда тіркелген науқастармен байланыста болған. Сол себепті, олар карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Олар:
Екінші науқас - 1991 жылғы Бейнеу ауданының тұрғыны.
Үшінші науқас - 1987 жылғы әйел адам. Бейнеу ауданының тұрғыны.
Төртінші науқас - 1963 жылғы ер адам. Бейнеу ауданының тұрғыны.
Бесінші науқас - 1966 жылғы әйел адам. Бейнеу ауданының тұрғыны.
Алтыншы науқас - 5 жасар қыз бала. Бейнеу ауданының тұрғыны.
Жетінші науқас - 2013 жылы туған 7 жасар қыз бала. Бейнеу ауданының тұрғыны.
Сегізінші науқас - 1969 жылғы ер адам. Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылының тұрғыны.
Қазіргі уақытта науқастар Бейнеу аудандық ауруханасына жатқызылды. Олармен байланыста болған барлық тұлға карантинге алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.
Тоғызыншы науқас - 1994 жылғы әйел адам. Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылының тұрғыны. Бұл адам Жаңаөзенде коронавирус жұқтырған адамдармен байланыста болған. Сондықтан, ол бірден карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі уақытта онымен байланыста болған барлық тұлға карантинге алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.
Бүгінгі жағдай бойынша өңірде барлығы 105 адамнан COVID-19 вирусы анықталды:
Ақтауда – 28;
Жаңаөзенде – 19;
Маңғыстау ауданында – 5;
Мұнайлы ауданында – 4;
Қарақия ауданы – 29;
Бейнеу ауданы – 20;
Жазылып шыққаны – 11;
Қайтыс болған – 1.