Олардың үшеуі де Бейнеу ауданының тұрғындары. Бірінші науқас - "ТеңізШевройл" мекемесінде жұмыс істейтін 1983 жылғы ер адам. Вахтадан келген науқас бірден карантинге жатқызылып, одан сынама алынды. Алынған сынама ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Ол осыған дейін тіркелген науқастармен байланыста болған.
Екінші, үшінші науқас - 1992 жылғы және 1985 жылғы әйел адамдар. Қазір олардың вирусты қайдан және қалай жұқтырғаны анықталып жатыр. Үш науқас та Бейнеу аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда, делінген ҚКО таратқан ақпаратта.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.
06.05.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 88 адамнан COVID-19 вирусы анықталды:
Ақтауда – 22;
Жаңаөзенде – 18;
Маңғыстау ауданында – 4;
Мұнайлы ауданында – 3;
Қарақия ауданы – 29;
Бейнеу ауданы – 12;
Жазылып шыққаны – 10;
Қайтыс болған – 1.