Маңғыстау облысында COVID-19 жұқтырған тағы 9 адам тіркелді. Жаңаөзен қаласында – 3 және Қарақия ауданы Бостан ауылында – 6 адам. Барлығы да осыған дейін тіркелген науқастармен байланыста болған. Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, тоғызынан да алынған сынама ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды, делінген МО ҚКО таратқан ақпаратта.
Бірінші науқас – Жаңаөзен қаласының тұрғыны, 6 жасар қыз бала.
Екінші науқас – Жаңаөзен қаласының тұрғыны, 13 жастағы ұл бала.
Үшінші науқас - Жаңаөзен қаласының тұрғыны, 14 жастағы қыз бала.
Төртінші науқас – 1977 жылғы әйел адам, Қарақия ауданы, Бостан ауылының тұрғыны.
Бесінші науқас – 1987 жылғы әйел адам, Қарақия ауданы, Бостан ауылының тұрғыны.
Алтыншы, жетінші науқас – 2006 және 2012 жылғы ұл балалар. Екеуі де Қарақия ауданы, Бостан ауылының тұрғындары.
Сегізінші, тоғызыншы науқас – 5 жасар ұл бала және 2019 жылғы ұл бала. Екеуі де Қарақия ауданы, Бостан ауылының тұрғындары.
Науқастармен байланыста болған барлық тұлға карантинге алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.
04.05.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 74 адамнан COVID-19 вирусы анықталды:
Ақтауда – 20;
Жаңаөзенде – 17;
Маңғыстау ауданында – 4;
Мұнайлы ауданында – 3;
Қарақия ауданы – 29;
Бейнеу ауданы - 1;
Жазылып шыққаны – 9;
Қайтыс болған – 1.