Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған тағы 2 адам анықталды. Екеуі де Қарақия ауданы Сенек ауылының тұрғындары, әкесі мен баласы. 26 жастағы ер азамат және оның 1 жасар баласы. Олар коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты стационарға жатқызылып, олардан зертханалық сынама алынды, делінген МО ҚКО таратқан ақпаратта.
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.
03.05.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 65 адамнан COVID-19 вирусы анықталды:
Ақтауда – 20;
Жаңаөзенде – 14;
Маңғыстау ауданында – 4;
Мұнайлы ауданында – 3;
Қарақия ауданы – 23;
Бейнеу ауданы - 1;
Жазылып шыққаны – 9;
Қайтыс болған – 1.