Біріншісі - 1987 жылғы Бейнеу ауданының тұрғыны. Ол «Теңіз» мекемесінде жұмыс істейді. 29 сәуір күні ауданға келе сала тұрғыннан коронавирусты анықтайтын сынама алынған болатын. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Ал, екінші науқас – 7 жасар бала. Жаңаөзен қаласының тұрғыны. Ол коронавирустық инфекция жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.
30.04.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 48 адамнан COVID-19 вирусы анықталды.
Ақтауда – 18
Жаңаөзенде – 7
Маңғыстау ауданында – 4
Мұнайлы ауданында – 3
Қарақия ауданы – 15
Бейнеу ауданы - 1
Жазылып шыққаны – 8
Қайтыс болған – 1