Қолды жуу және дезинфекциялау реті:
1. Қымбат бұйымдарды шешіп қою;
2. Қолды жылы сумен сулау (43°С), жанаспайтын араластырғыштарды пайдалану;
3. Қолды сабындап, 30 секунд бойы қарқынды үйкелеу;
4. Қолды мұқият жуу;
5. Қолды кептіру;
6. Қажет болған жағдайда қолды жуғаннан кейін дереу дезинфекциялау керек.
7. Қайта ластануды болдырмау және гигиеналық емес заттарды ұстамау.
8. Қолда сағат, білезіктер және басқа да әшекейлердің болуына жол берілмейді.
Қолды қашан жуу және дезинфекциялау керек:
9. Дененің ашық жерлерін, лас нәрселерді ұстағаннан кейін.
10. Түшкірген немесе жөтелген кезде ауыз бен мұрынды бір реттік қолданылатын сулықпен жабу. Осыдан кейін бірден қолды сабындап жуып немесе спирт қосылған антисептикпен тазарту керек.
11. Дәретханадан келгеннен кейін және өндірістік цехқа кіру алдында.
12. Тамақ жеткізуге тапсырыс алу алдында (курьермен, жеткізушімен).
13. Клиенттерге тамақты жеткізуге кірісудің тікелей алдында қолғаптағы қол әрбір жеткізу алдында дезинфекцияланады
Жайларды тазалауға қойылатын талаптар:
14. Залдарда күнделікті тазалау жүргізіледі (күніне үш реттен сирек емес) рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын қолданумен, дезинфекциялағыш салфеткамен сүрту арқылы (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітіндісімен) тұтқаларды, есік тұтқаларын, үстелдерді, орындықтардың арқаларын, (креслолардың шынтақшаларын), қол жууға арналған раковиналарды. Дезинфекциялау құралдарын қолданудың барлық жұмыстарын ылғал өткізбейтін қорғаныш қолғаптарын киіп жасау қажет. Дезинфекциялау жұмыстарын жасаған кезде жайлардан келушілерді, қызметкерлерді шығарып жіберу керек.
15. Дезинфекциялау үшін түрлі химиялық топтардағы дезинфекциялау құралдары қолданылуы мүмкін:
- хлорбелсенді (дихлоризоцианур қышқылдың натрий тұзы - белсенді хлордың концентрациясындағы жұмыс ерітіндісіндегі 0,06% кем емес, хлорамин Б - белсенді хлордың концентрациясындағы жұмыс ерітіндісіндегі 3,0% кем емес);
- оттегібелсенді (сутегі тотығы жұмыс ертіндісінің концентрациясы (%)-3,0% кем емес концентрациясындағы);
- катионды беттік-белсенді заттар (КББЗ) - төрттік аммоний қосылыстары (ТАҚ) (жұмыс ерітіндісінде 0,5 % кем емес концентрациясында);
- үшінші аминдер (жұмыс ерітіндісінде 0,05% кем емес концентрациясында);
- гуанидиннің полимерлік туындылары (жұмыс ерітіндісінде 0,2% кем емес концентрациясында);
- спирттер (ауданы бойынша шағын беттерді өңдеуге арналған тері антисептиктері және дезинфекциялау құралдары ретінде - массасы бойынша кемінде 70% концентрациядағы изопропил спирті, массасы бойынша кемінде 75% концентрациядағы этил спирті);
- және басқа да дезинфекциялау құралдары. Әсер ететін заттардың құрамы қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда көрсетілген.
Басшылықтың міндеттері:
16. Персоналдың жеке гигиена қағидаларын орындауы үшін тиісті жағдайлар мен ресурстарды қамтамасыз ету.
17. Персоналды оқыту.
18. Жеке гигиена қағидаларын сақтаудың қаншалықты маңызды екенін көрсете отырып, компанияның белгіленген саясаты туралы персоналды ақпараттандыру.
19. Барлық персоналда ауру симптомдарының (диарея, қызба, құсу, сарғаю) болуын және жеке гигиенаның кез келген сақталмау жағдайларын үнемі бақылау.
20. Ауру симптомдары бар жұмыскерлерді жұмысқа жіберуді шектеу немесе жұмыстан шеттету.
21. Санитариялық нұсқауларды, денсаулық жағдайын және жеке гигиена қағидаларын тексеру нәтижелерін жазбаша тіркеу.
Балалармен серуен:
22. Балалармен серуендеу үй жанындағы балалар ойын алаңында күн сайын10:00 сағаттан 12:00 сағатқа дейін және 17:00 сағаттан 20:00 сағатқа дейін ересектердің жанында болуымен рұқсат етіледі.
23. Адамдар арасындағы арақашықтықты 1 метрден кем болмайтындай аралықта сақтау қажет.