Маңғыстау облысындағы мекемелер Елбасының үндеуіне қолдау білдірді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Маңғыстау облысының мекемелері, Елбасының елімізде осындай қиын кезеңде көмек көрсету үшін Қор құру жөніндегі бастамасын қолдаймыз. Қор жеке тұлғалар мен Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі бей-жай қарамайтын әр азаматтың еліміздегі мәселені шешуге өз септігін тигізуіне мүмкіндік береді. Өз көмегін көрсеткісі келетін жандар саны күн санап артуда. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, бүгін барлығымыз еліміздің жарқын болашағы үшін бірігіп, алдағы уақытта да осы бағыттан таймай, қызмет етеміз!", делінген хабарламада.
Үндеуге "Маңғыстау облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы", "Маңғыстау Медиа" ЖШС сынды ірі мекемелер қолдау білдірді.