• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 18 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

Жаңашыл педагог

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы...

    Маңғыстау облыстық филармониясының директоры Данияр Сағынғалиұлы: Рухани азық алуға асығыңыздар

    17 маусым, 16:05  |  Сұхбат

    Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы – өңір мәдениетін дамытуда айрықша рөл атқаратын мәдениет орны. Филармонияға аты берілген күйші-композитор, домбырашы, сазгер, ақын Мұрат Өскінбаевтің туғанына биыл 120 жыл толып отыр. Осыған орай филармонияның бүгінгі жай-күйі жайында көкейкесті сұрақтарға жауап алу мақсатында Маңғыстау облыстық филармония директоры Данияр Сағынғалиұлымен сұхбаттастық.


    – Маңғыстау облыстық филармониясы қандай бағытты ұстанады? Филармонияның мақсаты мен идеологиясы қандай?

    – Біздің өнер ордасы 1975 жылы сәуір айында құрылды. Филармонияға 2008 жылы 2 қазандағы №1 320-шы Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысы негізінде күйші Мұрат Өскінбаевтың аты берілді. Филармонияның облыс үшін мәні өте зор. Жалпы мақсаты -жастарға эстетикалық тәрбие беру, дәстүрлі музыканы дәріптеу. Идеологиясы да осы іспеттес, тамыры тереңге жайылған қазақ тарихында өнер елеулі бір орын алады. Филармония осы тарих пен ұрпақтар сабақтастығын сақтау үшін жұмыстанады.


    – Осы мақсатына филармония жетті ме? Маңғыстау өңірінің мәдениетінде оның алар орны мен маңызы қандай?

    – Маңғыстау өңірінің мәдениетінде алар орны сөзсіз бар. М.Өскінбаев атындағы филармония — облыс бойынша ең ірі өнер ордасы. Біз өз алдымызға өлкенің классикалық саз өнерінің рухани қажеттіліктерін өтеуді мақсат еттік. Қазіргі таңда бұл үшін облыстық филармонияда 8 кәсіби ұжым жұмыстануда: Абыл Тарақұлы атындағы ұлт-аспаптар оркестрі, «Ақжарма» фольклорлық ансамблі, симфониялық оркестр, камералық ансабль, «Ақшағыл» этнофольклорлық ансамблі, «Жорға» би тобы, «Ақшағала» вокалды-аспапты ансамблі, эстрада-симфониялық оркестрі. Осылардың әрқайсы өлке мәдениетін дамытуда кәсіби деңгейде жұмыс атқарып келеді.


    – Өз сөзіңізде филармонияның негізгі мақсаты жастарға эстетикалық тәрбие беру екендігін айтып өттіңіз. Филармонияға жастар қызығушылық таныта ма? Оларды филармония төңірегінен жиі көресіз бе?

    – Иә, біздің мақсат сол. Филармония концерттік залы лық толы болатын кездер бар, кейде жартылай толатын кездер де болады. Маусымға байланысты ма білмедім. Алайда, қазір жаһанданған заман болғандықтан, жастардың көңілін көптеген нәрселер аулайды. Содан бәлкім, олар жеңіл заттарға ұмтылады. Десе де, жастардың бәрі бірдей емес. Оларды эстрадалық бағыттағы концерттерде, кинолардан саундтрек концерттерінде жиі байқай аламыз. Біз жастарды дәстүрлі бағыттағы концерттерге тарту жолында еңбек етіп келеміз.

    – Рақмет! Биылға қандай жоспарларыңыз бар? Қандай іс-шаралар өткізілмек?


    – Жоспар жетерліктей, біз алғашқы жарты жылдығымызды аяқтауға жақын қалдық. Осы уақыт аралығында көптеген іс-шаралар атқарылды. Жылдың басында «Ақшағыл» этнофольклорлық ансамблімен Қытай Халық Республикасындағы Тайвань қаласында болып үлгердік; «Ақжарма» фольклорлық ансамблімен Австрия, Латвия елдеріне барып келдік; 2024 жылы ҚХР-да Қазақстанның туризмі жылы қарсаңында, Абыл Тарақұлы атындағы ұлт-аспаптар оркестрімен Пекин қаласына барып, өнер көрсетіп келгенбіз. Оның үстіне биыл күйші-композитор Мұрат Өскінбаевтің 120 жылдығы. Мерейтой аясында филармонияның бір бұрышын Мұрат Өскінбаевқа арнау, күй кешін ұйымдастыру, одан бөлек те көптеген рухани-эстетикалық кештер ұйымдастыру ойда бар. Әлде де жоспарымыз көп, mof.kz сайтынан, инстаграм парақшасынан бақылап отырсаңыздар болады, жоспарланған іс-шараларды уақытылы жариялап отырамыз.


    – Расында да, ауыз толтырып айтарлықтай! Шетелге іссапарларға шықтық дедіңіз, айтыңызшы, оның мәні неде?

    – Өте орынды сұрақ қойдыңыз. Біріншіден, кез келген әртіс, музыкант үшін шетел сахнасы – үлкен мотивация, алға жылжуға стимул. Сонымен қатар, үлкен мүмкіндік. Екіншіден, өнерімізді әлемдік сахнада дәріптеудің бірден-бір тікелей құралы. Біздің әртістер шетелге барып, бұрынғыдан қатты рухтанып, мотивация алып келеді. Мысалы, Вена қаласының сахнасын айталық. Көптеген неміс классиктері шыққан бұл қалада өнер көрсету біздің музыканттар үшін бөлек бақыт, ерекше қобалжу. Ондағы көрермендердің ішкі мәдениеті жоғары. Ішкі мәдениеті дегенім, көрермендер тарапынан концерттерге кешікпей, уақытылы келу, артық кедергі келтірмеу, тағысын тағы… Біздің жергілікті көрермендерге мін таққаным емес. Барлық көрермен осы қарапайым қағидаларға дағдылануы қажет. Жалпы, шет елдерге іссапардың жағымды жақтарын айта берсең көп.


    – Ал енді филармонияның кадр бөлімі жайында сөз қозғасақ? Білесіз, Маңғыстау өнер колледжін жыл сайын ондаған, жүздеген өнерпаздар түлеп ұшады. Оларға филармониядан орын табыла ма? Жас мамандарға филармония қандай мүмкіндіктер береді?

    – Негізі, біздің ұжымның 90%-ы дерлік біздегі өнер колледжінің түлектері. Біздің есігіміз оларға әрдайым ашық. Дегенмен, біз кәсібилікті биік қоямыз. Басты талап – ол жоғары білімнің болуы. Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Астанадағы Шабыт Қазақ ұлттық өнер университетінің дипломы да үстемдікке ие. Десе де, дипломы жоқ, бірақ тума талант иелерін, виртуоз музыканттарды да филармония қабырғасына қызметке алып қалып жататын кездер болады. Ал мүмкіндіктерге келетін болсақ, біздің кәсіпорын өнер колледжімен әр уақыт тығыз байланыста. Колледж студенттері бізде іс тәжірибесінен өтеді, сахнаны көріп, өседі, мәдениет саласынан хабар алады.


    – Жастарға, қала тұрғындарына қандай үндеу жолдар едіңіз?

    – Барлық игіліктер жастар үшін, сіздер үшін ғой, шындап келгенде. Біз сіздер үшін, өлкеміз үшін жұмыстанамыз. Өнерімізді көріп, келіп бағаласаңыздар екен дейміз. Рухани азық алуға асығыңыздар! Жақсы дүние көпке дейін есте қалады. Филармонияға шақырамыз, келіңіздер! Біздің есік сіздер үшін әрдайым ашық!

    – Сізге көптен көп рақмет!


    Сұхбаттасқан Базарбай Ботагөз

    Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің 2-курс студенті

    615
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    Сұхбат
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Серік Сариев: Би – пенделік дүниедегі ең дұрыс таңдауым

    Келесі жаңалық

    Маңғыстау облысы – ҮЕҰ-ны гранттық жүйе арқылы мемлекеттік қолдау көрсететін көшбасшы өңір

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Баланы қанша жастан бастап өнер мектебіне берген дұрыс?

      19 тамыз, 14:25
      522

      Баланы аспапқа баулудың маңыздылығы қандай?

      19 тамыз, 12:34
      445

      Муслим Қазекешов: Шын мәнінде "Америкалықтардың арманы" дегеніміз – қаржылық тәуелсіздік

      15 тамыз, 13:23
      1630

      Ердос Жаңабергенов: Олимпиадада 57 келі салмақ Махмұд Сабырханға ауыр болады

      29 шілде, 10:05
      411

      Маңғыстау облысы – ҮЕҰ-ны гранттық жүйе арқылы мемлекеттік қолдау көрсететін көшбасшы өңір

      26 шілде, 18:33
      499

      Жұмабек Сапарбаев: Мектеп психологтарына жаңа методика қажет деп ойлаймын

      25 шілде, 12:30
      392

      Рубрикалар

        Әлем жаңалықтарыТағайындауанонсМәдениетЭкономикаЖарнамаФотоЖаңалықтар

      Автордың басқа да жазбалары

      Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайындалды

      5 қыркүйек, 15:39
      2681

      Маңғыстауда «Қолдан қолға» жобасы аясында 11 отбасыға қаржылай көмек берілді

      27 тамыз, 09:38
      3286

      Ұйымдастырушылар: Психолог мамандардың білімі мен білігі көп мәселені шешеді

      26 тамыз, 09:57
      1139

      Жармыш ауылында 153 үйге газ желісі тартылды

      25 тамыз, 14:47
      1201

      Нұрдәулет Қилыбай “Онды бағының” жай-күйімен танысты

      25 тамыз, 13:10
      3268

      Үштаған ауылында полиция пункті ашылды

      25 тамыз, 13:09
      1192

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»