«Қаражанбасмұнай» АҚ (әрі қарай – ҚБМ) директорлар Кеңесі шешімімен ҚБМ Бас директоры - Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Союнов Нұрсейіт Жомартұлы тағайындалды. Ол аталмыш қызметті Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары қызметімен қатар атқарады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Нұрсейіт Союнов 1978 жылы 26 тамызда дүниеге келген. Ш.Есенов атындағы университетті «Тау-кен инженері» мұнай және газ кен орындарын игеру мамандығы бойынша бітірген. «Мұнай-газ бизнесін басқару» мамандығы бойынша іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесіне ие.
Еңбек жолын 2001 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ-да оператор болып бастаған. Әр жылдары «Өзенмұнайгаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС, «ОралОйлэндГаз» ЖШС-де басшылық қызметтер атқарды.
2019 жылдан бері ҚБМ Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары болып жұмыс істейді.