Бүгін «Ауыл» партиясының Маңғыстау облысы бойынша өңірлік филиалында кезектен тыс конференция өтіп, филиалдың жаңа төрағасы тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Іс-шараға «Ауыл» ХДПП төрағасының бірінші орынбасары Т.С. Рахымбеков қатысты.
Филиалдың бұрынғы басшысы К.С.Машырықовтың қызметінен өз еркімен кетуіне байланысты партия төрағасы Ә.Ә.Бектаев партия Жарғысының 45-тармағына сәйкес, осы лауазымға 38 жастағы А.Ә.Қонарбаевты ұсынды. Екі жыл бойы ол филиалдың үйлестірушісі болып жұмыс істеді. Журналист, жазушы, ақын, бірнеше кітап авторы. Осы жылдың қыркүйек айында партияның ХХ съезінде «Ауыл» ХДПП Саяси кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Өңірдің саяси кеңесі А.Ә.Қонарбаевтың кандидатурасын толық мақұлдап, жаңа лауазымға сәттілік тіледі.