
Түпқараған ауданына қарасты Сайын Шапағатов ауылдық округінің әкімі сайлаудан кейін ұжымға таныстырылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұған дейін Түпқараған аудандық сайлау комиссиясының шешімі бойынша Жәнібек Асанов Сайын Шапағатов ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланған болатын.
Жаңа лауазым иесі 1990 жылы Сайын Шапағатов ауылында дүниеге келген.
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінің көлік, көлік техникасы және технологиялар мамандығын 2012 жылы және мұнай-газ ісі бойынша техник және технология мамандығын 2015 жылы тәмәмдады
Алғашқы еңбек жолын 2011 жылы Ақтау әуежайында перон жұмысшысы қызметінен бастаған. 2014-2016 жылдар аралығында «Кезби» ЖШС-нің бұрғышы көмекшісі, 2016-2021 жылдар аралығында «Дәулет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман, 2021-2022 жылдар аралығында Дәулет ауылдық округі әкімінің орынбасары, 2022-2023 жылдар аралығында Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің орынбасары, 2023 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
Ж.Асановқа Түпқараған аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Ақкенже қызметтік куәлігін табыстады. Ал аудан басшысы Рахат Тезекбайұлы активке жаңадан сайланған әкімнің алдындағы негізгі міндеттерін айтып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар тапсырма берді.