Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Ілияс Сандыбаев Маңғыстау облыстық мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстың
прокуратураның сайтына сілтеме жасап.
Ілияс Сандыбаев 1979 жылы 10 қырқүйекте Түрікменстан Республикасының Красноводск облысында дүниеге келген.
Алғашқы еңбек жолын 2001 жылы прокуратура органдарында бастады. Әр жылдары Ақтау қаласы прокурорының көмекшісі, прокурор және басқарма аға прокуроры, Маңғыстау ауданы прокурорының орынбасары, облыс прокурорының көмекшісі, облыс прокуратурасының басқарма басшысының орынбасары және басқарма басшысы қызметтерін атқарған.
2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында еңбек етті. 2020 жылдың шілде айынан бастап осы күнге дейін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының көмекшісі қызметін атқарған.