Бас Прокурордың 2023 жылғы 14 ақпандағы бұйрығымен кіші әділет кеңесшісі Төретаев Ерғожа Қуанышұлы Қарақия ауданының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ерғожа Қуанышұлы 1983 жылы дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2007 жылы Маңғыстау облысының прокуратурасында бастаған. Прокуратура және жергілікті атқарушы органдарда жұмыс тәжірибесі бар. Ақтау қаласы прокурорының көмекшісі, Ақтау қаласы прокуратурасының бөлім бастығы, облыс прокуратурасының бөлім бастығы, Ақтау қаласы әкімінің аппарат басшысы, басқарма аға прокуроры. 2022 жылдың шілде айынан бастап Маңғыстау облысы прокуратурасының аппарат басшысы қызметін атқарған.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 14 ақпандағы №20/6 бұйрығымен кіші әділет кеңесшісі Аталықұлы Ануар Борашев Маңғыстау облысы Түпқарған ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды. Борашев 1984 жылы 15 мамырда Маңғыстау облысында дүниеге келіп, 2008 жылы прокуратура органдарында жұмыс бастаған. Атқарған лауазымдары: Басқарма прокуроры Қарақия ауданы прокурорының орынбасары, Жаңаөзен қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарған.
2020 жылдың мамыр айынан бастап осы күнге дейін Мұнайлы ауданы прокуроры қызметін атқаруда.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 14 ақпандағы №20/6 бұйрығымен кіші әділет кеңесшісі Даржокұлы Абат Сейбағытов Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды. Сейбағытов 1987 жылы 25 маусымда Маңғыстау облысында дүниеге келіп, 2010 жылы прокуратура органдарында жұмыс бастаған. Атқарған лауазымдары: Қарақия ауданы прокуратурасының прокуроры, Жаңаөзен қаласы прокурорының аға көмекші, басқарма прокуроры қызметін атқарған. 2019 жылдаң ақпан айынан бастап осы күнге дейін Түпқарған ауданы прокурорының қызметін атқарған.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 14 ақпандағы № 20/6 бұйрығымен кіші әділет кеңесшісі Нұрлыбайұлы Дауылбай Челпеков Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды. Дауылбай Челпеков 1990 жылы 24 қарашада Маңғыстау облысында дүниеге келген.2013 жылы прокуратура органдарында жұмысын бастаған.