«Денсаулық сақтау министрі міндетін ведомствоның вице-министрі Жандос Бүркітбаев атқарады», делінген Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметі хабарламасында.
Бұған дейін Мемлекет басшысының жарлығы бойынша Алексей Цой Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатылғаны хабарланған болатын.
Жандос Бүркітбаев 1972 жылы 27 ақпанда Жамбыл облысында дүниеге келген. 1996 жылы C. Асфендияров атындағы Алматы ұлттық медицина университетін (емдеу ісі), 2003 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (мемлекеттік және жергілікті басқару), 2007 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын (фармация), 2018 жылы ҚДСЖМ Қазақстан медицина университетін, 2020 жылы «Тұран-Астана» Университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.
Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінің Н.И. Пирогов атындағы Ұлттық медико-хирургиялық орталығының докторанты. Еңбек жолы: Алматы қаласындағы шұғыл медициналық көмектің қалалық клиникалық ауруханасының дәрігері (1996-1998);
Алматы қаласындағы республикалық Апаттар медицинасы орталығының дәрігері (1998-1999);
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің, Білім және ғылым басқармасының бас маманы (1999-2000);
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің дәрі-дәрмек саясаты, Медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту, ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы (2000-2001);
ҚР ДСМ фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп және ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу бөлімінің бастығы (2001-2002);
ҚР ДСМ фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп және дәрі-дәрмек саясаты басқармасының бастығы (2002-2004);
«Ақтөберентген» АҚ кеңесшісі (2005-2007);
ҚР Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму бойынша комитетінің Қызметті қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2007-2008);
Астана қаласының «Қан орталығы» ШЖҚ ҚКК басшысы (2008-2011); ҚР Денсаулық ҚР ДСМ «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ (2011-2019);
ҚР ДСМ «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС басқарма төрағасы (2019-2021).
2021 жылдың қаңтарынан бері вице-министр қызметін атқарып келді.