Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы болып Байбузов Болат Чандыевич тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Болат Байбузов 1986 жылы дүниеге келген. 2006 жылы «Болашақ »колледжінің экономика, бухгалтерлік есеп және аудит, 2011 жылы «Болашақ» институтының есеп және аудит мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы «Қарақия аудандық шағын несие ұйымы» ЖШС несие маманы қызметінен бастап, 2011 жылға дейін аталмыш серіктестікте түрлі дәрежедегі қызметте болған.
2011-2012 жылдары Қарақия аудандық кәсіпкерлік бөлімінде бас маман, 2012-2014 жылдары Қарақия ауданы әкімі аппаратының Төтенше жағдайлар жөніндегі бас инспекторы, 2014-2015 жылдары «Жаңаөзен сервис және жаңа технологиялар» МКК директорының өндіріс жөніндегі орынбасары қызметтерінде болған.
2015-2017 жылдары Қарақия аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы, 2017 жылы Маңғыстау облысы бойынша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Қарақия ауданындағы үйлестірушісі, 2018 -2019 жылдары Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің инспекторы, бөлім басшысы лауазаымдарын атқарған.
2020 жылы облыстық «Nur Otan» партиясының Қарақия ауданындағы филиалында сектор меңгеруші, Маңғыстау облысы бойынша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Қарақия ауданындағы филиал директоры, 2021 жылы «Тұрмыс Сервис» МКК директорының уақытша міндетін атқарушы,
2021 жылдың сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін «МұнайГазЖөндеу» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарды.