2017 жылдың 12 сәуірінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жария болды. Президент мақаласы жария болысымен қоғамдық пікір талқысына түсіп жатыр. Президент мақаласындағы бастамаларды қолдау, оны өз саламызда орындау баршамыздың міндетіміз.
30 дамыған елдің қатарына қосыламыз деген талпынысымыз бар. Қала мен дала арасын жақындату, Президент мақаласындағы бастамаларды қолдау, оны өз саламызда орындау әрқайсымыздың міндетіміз. Сондықтан да рухани жаңғыру дер кезінде көтерілген мәселе деп ойлаймын. Сонымен қатар, латын әліпбиіне көшу мәселесін қолдайтынымды білдіремін. Өйткені күн сайын дамып жатқан ғылым, технология мен коммуникацияны, инновацияның тілін меңгеруде латын әліпбиінің рөлі айрықша.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы адамзат дамуының қазіргідей күрделі кезеңінде ұлт болып ұйысудың, жұрт болып жұмылудың жаңа үлгілерін ұсынатын жаңа тарихи құжат. Жаһанданудың жаңа жағдайында ұлт болып қалыптасудың сыры мен сипатын жан-жақты талдай отырып, ХХІ ғасырдағы ұлттық сананы өрістетудің сара жолдарын ұсынады.
Соныменқатар, Елбасы атап көрсеткендей, әлемнің дамыған елдерінің тәжірибесін алға тарта отырып, бәсекелестікке барынша бейім ұрпақ өсіріп, оларды күрескер етіп тәрбиелеу қажет. Демек, ұлт пен ұрпақ деген проблемада сананы уақыт талабына сай бейімдеген жөн. Ал, бұл мәңгілік ел үшін тарихи қажеттілік. Ағылшын әліпбиінің негізінде латын қарпіне көшу – қазақ тілінің жаңа эвалюциялық кезеңі болып табылады және оның жан-жақты артықшылығы байқалады. Біріншіден, бізді жаһандық ағылшын тілді әлемге біріктіре отырып, ағылшын тілін жаппай үйренуге қолайлы жағдай туғызады. Екіншіден, ғылым мен техниканың ең замануи жетістіктерінің қолжетімділігі үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Үшіншіден, әлемнің қырықтан аса елдерінде тұратын барлық қазақтарды біріктіреді. Латын қарпіне көше отырып, қазіргі заманғы қазақ тілі бәсекеге қабілеттірек болады. Ол өз дамуы мен танымалдығында жаңа серпін алады. Латын әліпбиіне көшу – біздің еліміз үшін маңызды мәселе және Қазақстанның әрбір азаматының ерікті қатысуын талап етеді. Біз Қазақстан тәуелсіздік жылдары өткен бірегей тарихи жолды, жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім, халықтың рухани күші, оның уақыт талаптарын қабылдап, тек алға жүру қабілеті біздің мемлекетіміздің жетістігінің айқындаушы факторы болған және болашақта да бола беретініне нық сенеміз. Латын әліпбиіне көшуді де солай қабылдайтынымызға да сенім білдіремін. Қазақстанның болашақ ұрпағы үшін Елбасының Бастамасын қолдауға барша түпқарағандықтарды шақырамын.
Гүлсім РАМАШЕВА,
«Түпқараған аудандық Азаматтық бастама»
қоғамдық бірлестігінің төрайымы