Үшінші билік өкілі болып табылатын судьялардың өздеріне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен әрі жоғары сапада атқаруы – ар тазалығына, кісілік келбеті мен ел алдындағы беделіне тікелей байланысты. Сондықтан, судьялардың міндеті – өздерінің кәсіби біліктіліктерін үздіксіз арттыра отырып, сот саласының абыройы мен беделіне нұқсан келтірмей, заң мен ар адалдығынан аттамай қызмет ету.
Қара қылды қақ жарған әрбір қазы моральдық бейнесі мен адамгершілік ұстанымын жоғары қоя отырып, өз статусына сай қызмет атқара білуі керек. Бұл туралы «Судьялар сот төрелігін тек заң мен ар-ожданды басшылыққа ала отырып, атқаруы тиіс» деп көрсеткен болатын. Мемлекет басшысының тікелей қадағалауымен тәуелсіз еліміздің соттары халықаралық стандарттарға сай материалдық-техникалық тұрғыда толықтай камтамасыз етілген. Сәйкесінше судьяларға ауқымды міндеттер жүктеліп, үлкен жауапкершілік артылған. Бүгінгі заман білім мен ғылымның, озық техниканың дамыған заманы. Сондықтан кез келген азамат құқықтық сауаты жоғары, білімі жетік, ой-өрісі кең болуы керек. Себебі, адам бойындағы қабілетті уақыт талап етіп отыр. Сонда ғана жауапккершілігі жоғары қызметтерді абыроймен атқаруға мүмкіндік бар. Еліміздің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында заңның үстемдігі мен сапасын қамтамасыз етуге жоғары мән беріліп отыр. Бұл орайда, ең алдымен, судьялыққа үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтілген. Осылайша қолданыстағы «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Заңға бірқатар өзгерістер енгізілді. Соның ішінде сот саласында ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған мамандарға басымдық беріліп отыр. Судья лауазымына тағайындалғанға дейін сот кеңсесіндегі барлық сатыларда қызмет атқарған маман болашақта өз ісінің шебері болатыны анық. Сот құрылымын сапалы кадрлармен камтамасыз етуге бұл бастаманың да игі әсер етеріне сенеміз.
А. Айтбаева Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының бас маманы