Маңғыстау облыстық прокуратурасында өткен баспасөз мәслихаты 2017 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысына арналды.
Алғашқы болып сөз еткен 1-ші басқарма бастығының міндетін атқарушы Мақсат Көшбаев төмендегідей деректер келтірді: Маңғыстау облысы прокуратура органдарымен 2017 жылдың 1-ші жартыжылдығында әлеуметтік-экономикалық саланың заңдылығын қадағалау саласында 53 тексеру жүргізілді, 474 заң бұзушылық анықталып, 404-і жойылды, 2 ұйғарым орындалып, 164 ұсыныс қаралды, 36 тергеп-тексеру басталды. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде мемлекеттік бюджетке 1,8 миллиард теңге өндірілді және 1,4 миллион теңгенің мүлкі қайтарылды. 1,5 миллион теңгеге әкімшілік айыппұлдар өндірілді. 2 мыңнан астам адамның конституциялық құқтары қорғалды.
Басқосуда 325 жұмысшыға қатысты 12 миллион теңге жалақы бойынша қарыздардың өтелгені айтылды. Қазіргі таңда облыс аумағындағы кәсіпорындардың жалақы бойынша жұмысшылар алдында қарыздары жоқ.
Кәсіпкерлерді қолдау және қорғауға бағытталған заңнамаларды қадағалау саласында 10 ұсыныс енгізілді, 10 кәсіпкердің құқығы қорғалды, 13 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. 700 кәсіпкердің және мемлекеттік органдардың қатысуымен 4 «Шенеунік және кәсіпкер» акциясы өткізілді. Сонымен қатар, кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалының ғимыратында прокурор кабинеті қызмет атқарады.
Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау саласында 12 ұсыныс қаралды, жауапкершілікке 10 тұлға тартылды. Экономика саласында 54 тұлға әр түрлі жауапкершілікке тартылды.
Кездесуде журналистердің қызығушылығын туғызып, көбірек сұрақтар қойылған мәселе әлеуметтік – экономикалық салада атқарылып жатқан жобалар. «Қоғам –сенің қорғаның» жобасы әлеуметтік осал топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған. Бұл бағытта атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі таңда 129 мүгедек жұмысқа орналастырылды, 950 мүмкіндігі шектеулі адамға есептелген 46 миллион теңге көлік салығы анықталып, қысқартылды. Ақтау қаласында 20 әлеуметтік нысанға мүгедектердің көліктері үшін тұрақтар белгіленді, арнайы жол белгілері қойылды, 47 жаяу жүргіншілер өткелі кресло арбамен жүруге ыңғайластырылды. «Кендірлі» демалыс аймағындағы теңізге мүгедектердің кресло-арбамен тегін жетуіне мүмкіндік жасалды.
«Құмар ойындарсыз Маңғыстау» жобасы бойынша заңсыз ашылған 73 ойын залдарының қызметі тоқтатылып, 55 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Эмиссияны төле де, бюджетті толықтыр» жобасы шеңберінде уәкілетті органға 1164 кәсіпкер эмиссия алу үшін жүгінген, нәтижесінде бюджет 334 миллион теңгеге толықтырылды.
Сондай-ақ, 1-ші басқарма бастығының міндетін атқарушы Мақсат Көшбаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Бұл ретте, 23 заң бұзушылық анықталған. Қоршаған ортаны қорғау саласында әртүрлі жауапкершілікке 48 адам тартылған.
Баспасөз мәслихатында 4-ші басқарма бастығының міндетін атқарушы Мұхтар Әжібаев прокуратура органының сотқа қатысуымен шешім тапқан істер нәтижесі жайында сөз етті.
Ағымдағы жылдың 6 айында облыс соттарымен барлығы 5003 азаматтық және 8274 әкімшілік іс қаралды. Сотқа қатысушы прокурордың өтініші бойынша сотпен 190 жеке сот актілері шығарылды. Заң бұзушылықтар бойынша 13 ұсыныс енгізіліп, 113 лауазым иесі жауапкершілікке тартылды. Мысалы, мемлекеттік сатып алу саласы бойынша уақытылы талап арыз берілмегені үшін прокуратураның актісімен 76 лауазым иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5,5 миллион теңге айыппұл өндірілді.
Прокуратураның кассациялық наразылық беру арқылы 350 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаржысының сырап болуына жол берілмеді. Сонымен бірге еңбекақы төлемдеріне қарыз бойынша 64 миллион теңгенің 54 миллион теңгесі (84 пайызы) шара алу нәтижесінде төленді. «Алименттер төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасын жүзеге асыру барысында 77 миллион теңге мөлшерінде алимент борышы өндірілді; 41 адам жұмысқа орналастырылды, қасақана төлемей жүрген 134 борышкер әкімшілік, 157-сі қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл -республика бойынша ең жоғары көрсеткіш. «Мемлекетке қарызсыз» жобасын жүзеге асыру қорытындысы бойынша әкімшілік айыппұлдардың орындалысы 40 пайыздан 60 пайызға жетті. Жұмыссыз ретінде 15 адам жұмыспен қамту органына тіркеліп, 8-і жұмысқа орналастырылды.
БАҚ құралдарымен кездесу барысында прокуратура органдарының жарты жыл ішінде атқарған жұмыстарына қатысты басқа да көптеген деректер келтіріліп, қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Болат ҮМБЕТОВ