Кішкентай қызын ұрып, өлтіріп алған 20 жастағы әйел сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
- 10 маусым күні қалалық соттың үкімімен жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда өлімге әкеп соқты деп айыпталған сотталушы И.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. (ҚК 106-бабының 3-бөлігі). Сотта анасының соққысынан балада гематома пайда болғаны анықталды. Бала іштің доғал жарақатынан қан жоғалтуынан қайтыс болған. И.-ны ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды, сот оны 8 жылға бас бостандығынан айырды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу туралы үкім шығарды, - дейді қалалық соттың баспасөз қызметі.