Жақында Маңғыстау облыстық сотының төрағасы м.а. Ержан Қарабаев ұжымға жаңадан тағайындалған судьяларды таныстырды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Онлайн режимде өткен іс-шараға алқа төрағалары және облыстық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, Соттар әкімшісі басшысы қатысты.
ҚР Президентінің Жарлығымен Ақтау қаласының №2 сотының судьясы қызметіне Сейітова Марал, Маңғыстау аудандық сотының судьясы лауазымына Досаева Әсел, Жаңаөзен қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, Мұнайлы аудандық сотының судьясы болып Замира Махитова тағайындалды.
Ержан Қарабаев жаңадан тағайындалған судьяларды құттықтап, қызметтеріне сәттілік пен табыс тіледі.
Анықтама үшін:
Досаева Әсел - Ақмола облысы, Жақсы ауданында дүниеге келген.
2006-2021 жж. аралығында «Қазақстан темір жол ұлттық компаниясы» АҚ-ның құқықтық қамтамасыз ету басқармасының талап арыздар бөлімінің бас маманы, эксперті, осы бөлімнің басшысы, менеджері, бас менеджері, құқықтық жұмыс бөлімінің бастығы лауазымдарында қызмет атқарған.
Сейтова Марал - Түркістан облысы, Мақтаралы ауданында дүниеге келген.
2013-2017 жж. аралығында Астана қалалық сотының іс жүргізушісі, бас маманы, Сарыарқа аудандық сотының бас маманы,
2017-2019 жж. аралығы ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының магистрі,
2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Соттар әкімшісінің бас маманы-сот мәжілісінің хатшысы,
2019-2021 жж. бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы хатшылығының судьялар консультанттары тобының бас консультанты.
Махитова Замира - Түркменстан Республикасы, Ташауыз облысында дүниеге келген.
2009-2014 жж. аралығында Ақтау қалалық соты кеңсесінің бас маманы-сот мәжілісінің хатшысы,
2014-2015 жж. аралығында Маңғыстау облыстық соты кеңсесінің талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы, персоналды басқару бөлімінің басшысы,
2015-2021 жж. бүгінгі күнге дейін Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық сотының судьясы қызметін атқарған.