
Еліміздегі мектептер мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жақын күндері жаңа жыл мерекесін тойлай бастайды. Дегенмен өңірлердегі қызылша мен ЖРВИ жұқтырушылар саны артып барады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты informburo.kz сайтына сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігі өкілдері бұқаралық іс-шараларға қатысты жаппай шектеулер мен тыйымдар енгізілмейтінін айтады. Алайда мерекелік ертеңгіліктер мен шыршалар қызылша ауруы тіркелген сыныптарда өткізілмеуі мүмкін.
«Республика бойынша ешқандай шектеу жоқ. Бірақ жергілікті әкімдіктер мен Денсаулық сақтау министрлігі жеке жағдайларға байланысты іс-шараларды тоқтатуға шешім қабылдауы мүмкін», - деді Оқу-ағарту министрлігі өкілдері.