Санитарлық авиацияның көмегімен Алматы қаласындағы педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына 5 бала, ал Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми медициналық орталығына 4 бала жіберілген, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты МО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Балалар 16 наурыз-21 сәуір аралығында жолдамамен жіберілген. Өңірде карантин жарияланып, санитарлық-эпидемиологиялық тұрғыдан жағдай тұрақсыз болуына орай, маңғыстаулық балалар емін республикалық емдеу мекемелерінде жалғастырады.
Маңғыстау облысы көпбейінді балалар ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Гүлжан Ермекбаеваның айтуынша, медициналық ұйым карантин режимінде жұмыс жасауға көшкен. Ауруханада жоспарлы оталар және кейбір емделушілерді жатқызуға шектеу жасалған.
Негізінен республикалық орталықтарға субүйрек, несеп-тас ауруы, өткір аққандылық, туа біткен жүрек кемістігі, бас миы ісігі, муковисцидоз диагнозымен жіберіледі. Айта кету керек, егер кішкентай науқаста бірінші рет аққандылық (лейкоз) анықталатын болса, химиялық тәсілмен емдеу тек Алматы шаһарында ғана өткізіледі. Ал, біз өзіміздің ауруханада демеуші ем жүргізетін боламыз. Жоғарыда атап өткен 9 баладағы аурудың асқынуына байланысты Алматы және Нұр-Сұлтан қаласындағы ұлттық орталықтарға жіберу туралы шешім қабылданды, - дейді Гүлжан Ермекбаева.