«Қыстың қамын жазда ойла» демекші, жаз шығып, еңбек науқаны басталысымен қаһарлы қысқа тыңғылықты дайындалу жұмыстары басталатыны белгілі. Елбасының тапсырмасын іске асыру мақсатында аудан әкімінің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арнайы жасақтаған жоспарының бірінші сатысына мал шаруашылығы кіреді. Осы орайда, мал азығын дайындау, сапалы жеп-шөптің берік қорын жасауда басты бағытқа алып Ж.Айтуаровтың қатысуымен қысқы мал азығын дайындау жұмыстарына байланысты шаруа қожалықтарының иелерімен кездесу өтті. Жиында аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Е.Қожаев мал азығын дайындауда қойылатын біршама талаптарға тоқталды.
Шөп шабу кезінде арнайы ережелерді сақтау керектігін, шөпті тамырымен оруға және елдімекеннен 30 шақырым қашықтыққа дейінгі жерден шөп шабуға қатаң тыйым салынды. Халықты жеткілікті мал азығымен қамтамасыз ету мақсатында шөпті арзан бағамен сату жөнінде меморандумға отыру қажеттігін айта келе шөп шабу кезінде Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 118 бабына сәйкес 100-ден 150 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 212100 теңгеден 318150 тг көлемінде айыппұл төленетінін хабарлады.
Аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімнің басшысы Б.Әбуовтың мәлімдеуінше биылғы жылы 25000 тонна мал азығын дайындау жоспарланып, шөпті Үстірт жерінен шабу ұсынылған. Сонымен бірге науқан кезінде өрт қауіпсіздігін қатаң сақтау, тасымал көліктерінде өрт сөндіргіш болуын қадағалау, темекі тұқылын сөндіріп тастау, сақтық шараларының алдын – алу керектігі де ескертілді.
Биылғы көктемнің жаңбырлы болуы мал азығының мол қорын дайындауға және Шетпе –Бейнеу автокөлік жолының толық жөнделуі пішенді тасымалдауға жеңілдіктер тудырып отыр. Осындай қауырт кезеңге шөпшілер техникасын майлап, құрал-сайманын сайлап, тыңғылықты дайындалуда.