©
Өткен жылдан бастап ҰБТ форматын жетілдіру мақсатында ҰБТ рәсімін мектептегі қорытынды аттестаттау және жоғары оқу орындарына түсу емтиханына бөлу, сонымен қатар әрі қарай оқу қабілетін, логикалық ойлау деңгейін, ағылшын тілін меңгеру, базалық біліктілігін анықтауға бағытталған тестілеудің қолдану шеңберін кеңейту қарастырылып, мектеп бітірушілер үшін жоғары оқу орындарына түсу емтиханы болып табылатын ҰБТ-ның жаңа форматы енгізілген болатын.
Яғни ҰБТ екі кезеңде өтеді: Қорытынды аттестаттау – жалпы орта білім беру ұйымдарында өткізілетін 11-сынып білім алушыларына арналған мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ - жоғары оқу орындарына түсу емтиханы. Қорытынды аттестаттау емтиханы нысанында бес пәннен білім алушының өзі оқитын мектебінде болады.
Емтихандардың тізбесі және нысаны мынадай:Қорытынды аттестаттау Министрліктің «2017-2018 оқу жылын аяқтау туралы» бұйрығымен 2018 жылғы 29 мамыр мен 9 маусым аралығында өтеді. Қорытынды аттестаттаудың барлық материалдарын дайындауды және білім басқармаларына дейін жеткізуді Ұлттық тестілеу орталығы, ал мектептерге дейін жеткізуді білім басқармалары ұйымдастырады. Жазбаша және ауызша емтиханды бағалауды, берілген дұрыс жауап кодтары негізінде жауап парақтарын тексеруді мектепте құрылған емтихан комисси- ясы әр пән бойынша жүргізеді. 15 маусым күні барлық мектеп түлегі қорытынды аттестаттау нәтижесінде аттестаттарын қолдарына алады.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Түлектердің туған ауылына тартуыҰлттық бірыңғай тестілеу жоғары оқу орнына түсу емтиханы және мемлекеттік гранттарды тарату үшін өткізіледі. ҰБТ-ны өткізу мерзімі – 20 маусым мен 1 шілде аралығы, аудан мектептері үшін биыл ҰБТ - 21 маусым күні өтеді деп бекітілді. 2018 жылғы ҰБТ форматы бойынша 120 сұрақ (20+20+20+30+30=120 тапсырма) 5 пән бойынша, оның 3-і міндетті және талапкердің жоғары оқу орнына тапсыратын мамандығына байланысты 2-і бейіні бойынша қарастырылған. Міндетті пәндер: Математикалық сауаттылық (20 тапсырма-1 дұрыс жауап). Оқу сауаттылығы (20 тапсырма-1 дұрыс жауап). Қазақстан тарихы (20 тапсырма-1 дұрыс жауап). Таңдаған мамандығына байланысты 2 бейіндік пән.
Бейінді пәндер бойынша ұсынылған тапсырмалар 2 түрлі. Әр пәннің 20 сұрағында бес жауаптың ішінде 1 ғана жауабы дұрыс болса, қалған 10 сұрақтың бірнеше жауап нұсқасы қарастырылған, оның бірнешеуі дұрыс жауап болады. Тестілеу уақыты 3 сағат 50 минутты құрайды. Ең жоғарғы ұпай – 140 ұпай. Шекті ұпай – 50, Ұлттық университеттер және медицина мамандықтары үшін – 65, «Білім», «Ауыл шаруашылығы», «Ветеринария» мамандықтары үшін – 60 ұпай.
Биылғы оқу жылында ауданның 16 орта мектебінде 404 мектеп бітіруші білім алуда. Тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау 10 наурызда басталып, 10 мамыр күні аяқталды. 404 мектеп бітірушінің 386-сы, яғни 95,5 пайызы ҰБТ-ға қатысуға ниет білдіріп отыр. Биылғы оқу жылында «Алтын белгі» белгісіне 26 үміткер, үздік аттестатқа 20 үміткер бар.
Мектептерде 2018 жылғы ҰБТ туралы ата-аналар мен мектеп бітіруші түлектерге ақпараттық түсіндіру жұмыстары түрлі бағытта ұйымдастырылып келді. Осы бағыттағы енгізілген өзгерістер мектептер арқылы оқушыларға, ата-аналарға дер кезінде жеткізіліп, таныстырылып отыр. Мектеп бітірушілерге жоғары нәтижеге жетуге сәттілік тілейміз!
Еркін МӘЖІТОВ, Маңғыстау аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары