©
Баланың дүниеге келуі әрбір ата-ана үшін айтарлықтай қуанышты және маңызды жағдай. Ата-анаға баланы дүниеге әкелуімен қатар оларға жаңа міндеттер мен құқықтар жүктеледі. Ата-ана міндеттеріне тоқталар болсақ, ең алғашқы міндеті - баланың тууын толық тіркету болып табылады.
Баланың тууын тіркету үшін баланың туған жерi бойынша немесе ата-анасының не олардың бiреуiнiң тұрғылықты жерi бойынша ХҚКО орталығына немесе e.gov.kz электрондық үкімет порталы арқылы өтініштерін білдіре алады. Ол үшін туу туралы медициналық куәлiк, ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттары және ата-анасының неке қию (ерлi-зайыпты болу) туралы куәлiгінің көшірмесі болуы тиіс. Баланың тууы туралы өтiнiштi оның ата-анасы не басқа да мүдделi адамдар тiркеушi органдарға ол туған күннен бастап үш тәуліктен кешiктiрмей беруге тиiс. Егер мерзімі бұзылған жағдайда қосымша құжаттар қоса алынады. Олар:
Енді балаңыз дүниеге келсе, оның туу туралы куәлігі мен жөргекпұлын алу үшін арнайы мекемелерді жағалап, уақыт кетірмейсіз. Ешқайда бармай-ақ перзентхананың өзінен SMS-ке жауап беру арқылы құжатты тапсыруға болады. Құжат тапсырылған кезде бір реттік құпиясөз ұялы телефоныңызға келеді. Бір реттік құпиясөз дегеніміз азамат белгілі бір қызметті алу үшін сұрау салған кезде смс арқылы ұялы телефонға келетін хабарлама. Сұрау салушының телефонына келген тексеруші құпиясөзді egov. kz порталында енгізу қажет. Осы кезде пайдаланушының нөмірі мобильдік азаматтар базасында тексеріліп, базадағы нөмірмен сәйкестігі расталып, сұрау салған қызметке бірден жауап беріледі. Мобильдік азаматтар базасында тіркелу үшін порталда «Жеке кабинетке» кіріп «телефон» деген бағанда ұялы телефонның нөмірін көрсету қажет. Бұдан бөлек, ЖСН-ға телефон нөмірін тіркеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-кеңсесіне баруға болады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Жаңаөзен қаласында пилоттық жобаны бастап кетті. 2018 жылдың 12 қаңтар күні ана атанған Жаңаөзен қаласының тұрғыны Райгүл Айтуова бұл қызмет түрін ең алғаш пайдалану бақытына ие болып, оған туу туралы куәлік салтанатты түрде табысталды. Бұл үшін әуелі перзентхана қызметкері баланың дүниеге келгенін электронды жүйеге тіркеуі керек. Сол кезде ата-ана ұялы телефон арқылы келген смс-ке жауап беріп (жауап бергенде баланың аты-жөнін жазады) құжатты күтеді. Алыс ауылдарда тұратын әйелдер көбінесе қалаға келіп босанатыны белгілі. Олар бұл құжатты бірден ала алмайды. Бірақ олар смс арқылы кейін қай жерден алатынын көрсетуге мүмкіндігі бар. Мәселен, өзінің тұрғылықты ауданын көрсетіп, перзентханадан шыққаннан кейін келіп алуына болады. Сонымен қатар, құжатты басқа адам, мәселен, күйеуі келіп алса да болады. Бұл үшін смс-те оның аты-жөні мен ЖСН-ін көрсету қажет.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде тууды тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысандағы тууды тіркеу туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш);
2) ата-анасының немесе нотариатта куәландырылған сенімхат бойынша өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
3) ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін некені тіркеген тұлғалар куәліктің көшірмесін ұсынбайды);
4) туу туралы медициналық куәлігі немесе туу фактісін белгілеу туралы сот шешімінің көшірмесі;
5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат;
шетелдіктер қосымша:
6) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өз мәртебесіне сәйкес келетін жеке басын куәландыратын құжаттарын ұсынады. Жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсетумен қатар, оның мәтiнiнiң нотариатта куәландырылған мемлекеттік тiлiндегi немесе орыс тiлiндегi аудармасы ұсынылады.
Порталға жүгінген кезде (тууды тіркеу бөлігінде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін):
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтініш;
2) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы электрондық құжат (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген құжаттар ұсынылмайды).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, туу туралы медициналық куәлік туралы, сондай- ақ егер тіркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер жөніндегі мәліметтер, көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден беріледі.
Баланың туған күнінен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін баланың тууы туралы өтініш берілген жағдайда мыналар:
1) ата-анасының түсініктемесі;
2) баланың туған жері мен ата-анасының тұрғылықты жері бойынша туу туралы жазбасының жоқтығы туралы тіркеу органының анықтамасы (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін туылған балалардан басқа);
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) жүгінген кезден бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірілмей берілген (Қазақстан Республикасының аумағында жаңа туған екі айға жетпеген балаларды қоспағанда) баланың тұратын жері бойынша оның денсаулығы туралы анықтама;
4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырған сенімхат қоса беріледі.
Жаңа босанған әйелдер Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келіп, біріншіден, баласына туу туралы куәлік алады. Екіншіден, баласын тұрғылықты мекен-жайына тіркеуге қояды. Үшіншіден, баланың тууына бір реттік жәрдемақы алуға өтініш береді. Төртіншіден, баланы мектепке дейінгі ұйымға кезекке қоюға мүмкіндігі бар. Нақтырақ айтсақ, әйелді ауруханадан шығарған кезде оған баланың туу туралы куәлігі беріледі. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы ҚР Кодексінің 187 бабына сәйкес бала тууды тіркеу үшін туу туралы медициналық куәлік негіз болып табылады. Баланы туу туралы медициналық куәлікте баланың анасы туралы барлық қажетті деректер (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) сондай-ақ баланың туылған күні мен жынысы, құжатты беру күні көрсетіледі. Куәлікке лауазымды тұлға қол қоюы және медициналық ұйымның мөрімен куәландыруы тиіс.
Ауруханадан шығарғаннан кейін 2 айдың ішінде баланың тууын тіркеу қажет. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы ҚР Кодексінің 188 бабына сәйкес баланың тууын кез келген АХАЖ-да немесе ХҚКО-да тіркеуге болады. АХАЖ бен ХҚКО-ны баланың тууы бойынша немесе ата-аналарының тіркелген жері бойынша таңдауға болады. Баланы мемлекеттік тіркеу мерзімі - екі жұмыс күні.
Екінші процесс - баланы тұрғылықты мекен-жайға тіркеу. Ата-анасының біреуінің тіркелген мекенжайына тіркеуге құқығы бар. Ол үшін: жеке куәлік, туу туралы куәлік және ата-анасының біреуінің мекен-жай анықтамасы қажет.
Одан кейін баланың тууына бір реттік жәрдемақы алуға өтініш беруге болады. Ол үшін ХҚКО-на: баланың/балалардың туу туралы куәлігі немесе туу туралы акті жазбасының көшірмелерін, қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты, отбасының тұратын жерін растайтын құжатты (мекенжай анықтамасы немесе азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе селолық округ әкімінің анықтамасы), отбасының құрамы туралы белгіленген үлгідегі мәліметтер, ұл (қыз) асырап алушылар тиісті органның ұл (қыз) асырап алу немесе балаға қорғаншыны белгілеу туралы шешімінен үзінді жазба ұсынылу қажет.
Төртіншіден, баланы мектепке дейінгі ұйымға кезекке қою. Ол үшін, белгіленген үлгідегі өтініш, ата-аналарының біреуінің немесе заңды өкілдерінің жеке басын куәландыратын құжат, баланың туу туралы куәлігі, жеңілдікті растайтын құжат (бар болған кезде мектепке дейінгі балалар ұйымына бірінші кезекте жіберіледі) қажет.
Сәуле НАСЫРОВА, Жаңаөзен қаласының АХАТ бөлімінің бас маманы