Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз конференциясында айтты.
ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Түркияның, Қытайдың трансұлттық компанияларымен және 20-дан астам елдің 40 делегациясымен кездесулер өтті. Маңғыстау облысы әкімдігі инвестиция көлемі 1,5 млрд. АҚШ долларын құрайтын 7 меморандумға қол қойды, - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов. Қол қойылған меморандум аясында «Reach Energy» малазиялық компаниясы Маңғыстауда табиғи газды сұйытатын зауыт құрылысын бастап кетті.
Тағы оқыңыздар: EXPO-2017. НӘТИЖЕ
- Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2016 жыл - қаңтар-тамыз айлары - 82,2%, 2017 жылдың қаңтар-тамыз айлары - 110,8%-ды құрайды, - деді облыс басшысы Ералы Тоғжанов.